ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

АПАТ АДАМ ӨЛІМІМЕН АЯҚТАЛДЫ

Жұмыс аптасы тағы да жол-көлік апатымен аяқталды. Орал-Белес тас жолында тіркелген апат салдарынан екі адам көз жұмды. Оқиға бүгін түс ауа сағат үштің шамасында болды. Мотоцикл мінген 1990 жылғы азамат пен 1959 жылы туған ер адам тізгіндеген «фольксваген пассат» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында жан тапсырды. Полиция қызметкерлері апаттың себебін анықтап жатыр. Айта кетейік, осы аптада жол-көлік апаты жиілеп, арты қайғылы аяқталған еді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо