ШҰҒЫЛ! ЖАЙЫҚ ЖЫЛАП АҒАДЫ Толығырақ

АУДАНДА АГРОСАЛА ДАМУДА

Бүгінде Қаратөбе ауданындағы халық саны 15 мыңнан асып жығылады. Ел Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішінде ауданда түрлі жұмыстар атқарылып, жаңа жобалар жүзеге асырылды. Жыл өткен сайын қарқынды дамып, өндірісі өркендеп келеді. Ауыл шаруашылығы техникалары соңғы бес жылда 25 пайызға жаңартылды. 2006 – 2016 жылдар аралығында 9 білім беру ошағы күрделі жөндеуден өтсе, өткен жылы Қалдығайты ауылындағы мектеп жаңа кейіпке енді. Мәдениет пен денсаулық саласы да қолдаудан кенде емес. Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтып берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо