ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ АЯҚТАЛДЫ

Маңызды саяси дода – ауыл және кент әкімдерінің сайлауы аяқталды. Осыдан тура бір сағат бұрын сайлау учаскелері жабылды. Дауыс беру жәшіктері ашылып, дәл қазір бюллетеньдер есепке алынуда. Жалпы, алдын ала мәлімет бойынша облыстағы барлық 79 сайлау учаскесінде де халықтың белсенділігі жоғары болды. Сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін келіп, өз таңдауын жасады. Саяси доданың заң талаптарына сәйкес өтуін 184 байқаушы бақылауға алды. Сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі санитарлық талаптардың сақталуы да басты назарда болды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо