ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕР СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫН ӨСІРЕДІ Толығырақ

ЕҢБЕГІ ЕРЕН АЗАМАТ

Биыл белгілі мұнайшы-ғалым, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» және «Құрмет» ордендерінің иегері, экономика ғылымдарының докторы, еліміздегі газ саласының негізін қалаған білікті де білгір басшы Есет Әзербаевтың туғанына 80 жыл. Бар ғұмырын мұнайгаз саласына арнаған, еліміздің түкпір-түкпіріне газ құбырын жүргізуге бастамашы болып, көгілдір газды жұртшылықтың игілігі үшін жеткізуде тер төккен азаматтың есімін Жайық жұртшылығы ұмытпақ емес. Мұнайгаз мамандықтары бойынша жастарға білім беретін өңірдегі іргелі оқу орындарының бірінде арнайы зертхана жұмыс жасап тұр. Ол жерде Есет Рауатұлының еңбектері мен ғылыми жұмыстары жас мамандарға таныстырылуда. 
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо