ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНҒА ҚОЛЖЕТІМДІ СПОРТ

Ел-жұрт арасында індет таралуының алдын алу мақсатында өңірде жаңа жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында қаланың әр шағынауданында тұрғындардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін алаңқайлар іске қосылмақ. Қазіргі кезде әр аулаға үлкен-кішіні жиып, оларға дәрігерлер тыныс алу гимнастикасын үйретіп жүр. Атап өтерлігі, біздің өңір пандемия кезінде гимнастиканың көпшілікке аса қажет әрі пайдалы дәл осы түрін ел аумағында алғаш болып бұқаралық сипатта қолға алып отыр. Жаттығуға барлық тұрғындармен қоса   қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, Зачаган кентінің әкімі Аққали Әубекеров және   облыстық ардагерлер  кеңесінің төрағасы Мақсот Берген мен халық қалаулылары, еріктілер қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо