ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ АУДАН Толығырақ

БІРІ ҮЛГІ, КЕЙБІРІ КЕДЕРГІ

Күні кеше өңір басшысы Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында «Ашық» қосымшасының жұмысы сынға алынған болатын. Түрлі нысанның есігіне QR код орнатылғанымен, қадағалау жағы кемшін түсіп жатқанын айтқан облыс әкімі бұл бағыттағы жұмысты ретке келтіруді тапсырды. Ендігі уақытта талапты ескермей, ережені өрескел бұзғандар туралы мәлімет ашық ақпарат көздеріне жарияланбақ. Осы орайда арнаның түсірілім тобы облыс орталығындағы бірнеше сауда нысанына бас сұғып, қосымшаның қолданылу барысын бақылап қайтты. 
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо