ШҰҒЫЛ! КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ Толығырақ

БІРЛІГІ БАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам  тұтастығы - Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында сөйлеген сөзін ел тұрғындары зор ықыласпен тыңдады. Президент халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шешімдер қабылдады. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық салаларды қайта саралап, әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін  бақылауды күшейтуді тапсырды. Бүгін Орал қалалық әкімдігі ұйымдастырған активте осы тапсырмаларды тиянақты орындау жолдары жоспарланды. Шаһар басшысы, қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо