ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫНА БАСПАНА Толығырақ

БІРНЕШЕ НЫСАН ШАТЫРСЫЗ ҚАЛДЫ

Өңірдің бірнеше ауданында дауылды жел көтеріліп, қатты жауын жауды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен.Қатты жел мен нөсер салдарынан облыстың қос ауданындағы екі елді мекендегі 5 нысан шатырсыз қалды. Мичурин ауылында жеке балабақша, сондай-ақ Восточная көшесіндегі жеке тұрғын үй зардап шекті. Ал Бөрлі ауданына қарасты Қарақұдық ауылында мәдениет үйі мен екі үйдің шатыры желге ұшты. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта табиғаттың тосын мінезі келтірген шығын көлемі есептелуде.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо