ШҰҒЫЛ! МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШАҢҒЫ САЙЫСЫ Толығырақ

БІЗДІҢ БАТЫР

Қаңтардың басында еліміздің кейбір өңірінде орын алған қарулы қақтығыстар салдарынан тағы бір жерлесіміз қаза тапты. №35 гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары, гвардия подполковнигі Сәндібек Қайыров – Ақжайық ауданының тумасы. Ол Алматы қалалық әкімдігіне шабуыл жасалған сәтте әскери қызметшілерді ғимараттан шығарып үлгерген, бірақ өзі қорғана алмапты. 10 қаңтар күні Алматыдағы офицерлер үйінде өзгелердің өмірін қорғап қалу үшін өз басын құрбан еткен батыр азаматты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткізілді. Ал қаңтардың 13-інде денесі туған жерге жеткізіліп, бүгін Жайық жұрты атпал азаматты ақтық сапарға шығарып салды. 

Бірер сәт бұрын марқұм Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. «Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын», делінген Жарлықта.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо