ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ҮЗДІКТЕР Толығырақ

ЕСКІ ҮЙДЕН - ЖАҢА ПӘТЕРГЕ

Тозығы жеткен үйлер тұрғындардың уайымын көбейтіп, қаланың көркін қашырады. Жергілікті атқарушы орган тарапынан мәселені шешу үшін кешенді іс-шаралар қолға алынды. Орал қалалық әкімдігі жанынан азаматтармен жүргізілетін жұмысты үйлестіру мақсатында тұрғын үй қорын жөндеу арнайы бөлімі құрылды. Бөлім ескінің орнына жаңа үйлерді салуға ниетті инвесторларды іздестіреді. Тұрғын үй қорын жөндеу бағдарламасы нәтижесіз емес. Оның аясында Ружейников көшесіндегі тозығы жеткен үйдің бұрынғы тұрғындары қоныс тойын тойлады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо