ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА ҚАЛҒАН ЖАН

Қазталов ауданында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Қазақстандағы тұңғыш дәрігерлердің бірі Сұңғат Әліповтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды. Ол 1903-1943 жылдар аралығында  республиканың түкпір-түкпірінде жұқпалы ауруларды жою жолында қомақты қолтаңбасын қалдырды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қан майданның ортасында  дәрігерлік қызмет атқарған, өмірінің соңына дейін Қазталов ауданында фельдшер болып жұмыс істеген. Салтанатты  шараға аудан басшылары, еңбек ардагерлері мен медицина саласының қызметкерлері, марқұмның  ұрпақтары  қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо