ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

ИНВЕСТОРЛАР АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУДА

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Шыңғырлау және Бөрлі аудандарында болып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қадағалады. Жолдың жайын бақылады. Бірқатар өндіріс орындарының қызметімен танысты. Ғали Есқалиев Шыңғырлаудағы халық игілігі үшін жасалып жатқан шырайлы істерге оң бағасын берді. Мәселен, жаз айының соңына дейін 160 орындық спорттық-сауықтыру орталығы пайдалануға беріледі. Ал ұялы байланыс болмаған ұядай Ардақ ауылында қазір мобильді интернет жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда жеке инвестор өз қаражатына жаңа медициналық пункттің құрылысын бастады. Ал жергілікті тұрғындар болса ұзақ жылдар бойы қайта құруды қажет еткен бөгетті өз күштерімен қалпына келтірді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо