ШҰҒЫЛ! МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШАҢҒЫ САЙЫСЫ Толығырақ

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Арман Қалибеков тағайындалды.  Ол1974 жылы туған. Білімі – жоғары.  Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған.  Әр жылдары Тасқала ауданының Каменка отбасылық дәрігерлік амбулаториясының директоры; Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының дәрігер-рентгенологі; Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының директоры; көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры; Орал қаласының №4 қалалақ емханасының директоры; Орал қаласының көпбейінді қалалық ауруханасының директоры болып жұмыс жасады. Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо