ШҰҒЫЛ! ҚАНДАСТАР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҮЙРЕНУДЕ Толығырақ

ҚАСҚЫР ШАПТЫ

Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай елді мекенінде кешкі сағат 9-дар шамасында ауылға қасқыр шауып, көшеде кездейсоқ жүрген төрт тұрғынға бас салған. Олардың бірі - 4 жастағы қыз бала. Әйел мен екі ер адам да жараланған. Қазір қолы мен иығы тістеліп, еті жыртылған 58 жастағы әйел дәрігерлер бақылауында. Қалғандарына құтыруға қарсы екпе салынып, үйлеріне жіберілген. Ауылдықтар қасқырды атып, басын сараптамаға жолдаған. Қорытындысы бір айдан кейін шығады. Бастапқыда тұрғындар түз тағысын қаңғыбас ит деп ойлаған. Бұған қоса қасқыр байлаулы иттерді де талап тастаған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо