ШҰҒЫЛ! «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» Толығырақ

КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

Тәуелсіздік жылдары өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,8 трлн теңгеге дейін өсті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлік кең қанат жайып, жаңа кәсіпорындар пайда болды. Мәселен, бір ғана «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы іске аса бастаған 11 жыл ішінде бизнес иелеріне жалпы сомасы 135,4 млрд. теңге несие беріліп, 3 мыңнан астам жоба жүзеге асты. Соның арқасында 28 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, алты мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Егемендік жылдарындағы шағын және орта бизнестің дамуы және жүзеге асқан ауқымды жобалар туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо