ШҰҒЫЛ! «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ АУДАН

Тоғыз жолдың торабындағы Сырым ауданы кәсіпкерлік кең қанат жайған ауданның бірі.  Ағымдағы жылдың 8 айында аудан экономикасына 1 млрд. 288 млн. теңге жеке инвестиция тартылған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға артып отыр. Тәуелсіздік жылдары халықты  таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, сапалы жолмен және тұрғын үймен қамту бойынша толымды істер атқарылған. 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауданға 607 жас маман келген. Сырым ауданының тәуелсіздік жылдарындағы дамуы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев айтып берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо