ШҰҒЫЛ! ПРЕМЬЕР-МИНИСТР САПАРЫ Толығырақ

КӨНЕ ӘРІ ЖАҢА ТАШКЕНТ

Жуырда бір топ қазақ журналистері «Түркітілдес журналистер қорының» ұйытқы болуымен бауырлас Өзбекстан елінде болып қайтты. Сапардың басты мақсаты – тамыры бір туысқан елдің тарихы мен дәстүрін тану, журналистер арасында ынтымақтастық орнату. Делегация құрамында біздің арнаның түсіру тобы да болып, Ташкент, Самарқан, Бұқара қалаларының тарихи және көрікті жерлерін аралады. Біз пандемия салдарынан саяхаттан қол үзіп, карантиннен қажыған көрермен назарына Ташкент қаласынан дайындалған арнайы репортажды ұсынамыз. Өзбекстанның астанасы, екі мың екі жүз жылдан астам тарихы бар көне әрі заманауи Ташкент шаһарына бірге сапар шегейік.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо