ШҰҒЫЛ! ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ Толығырақ

КҮЙ ТІЛІНДЕ СӘУЛЕ БАР

Күй тілінде сәуле бар. Ұстаз, домбырашы, күйші Нұржан Сертековтің жаңа кітабы осылай атылады. Бұл туынды қастерлі күй өнеріне арналды. Мұнда домбыраны жанына серік қылып, жан толғаныстарын жеткізген бөкейлік Қожақ, Сейтек, тайпақтық Мұқас, жалпақталдық Рахым тағы да басқа күйші-домбырашылардың бұрын еш жерде жарық көрмеген күйлері енгізілген. Кітап аспапта орындау, жалпы музыкаға, ән-күйге деген қызығушылық,  шығармашылық қаблеті бар өнерсүйер жұртшылыққа арналған. Әдістемелік құралдың таныстырылымы қалалық кітапханада ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо