ШҰҒЫЛ! ПРЕМЬЕР-МИНИСТР САПАРЫ Толығырақ

"ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП" ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Облыста қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында «Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы аяқталды. Тәртіп сақшылары 5 күн ішінде барлығы 2758 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Ең жиі кездескен құқық бұзушылық – көлік жүргізушілерінің қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс арттыруы. Осындай 1020 факті тіркелген. Сондай-ақ 440 жаяу жүргінші де жолда жүру ережесін бұзған. Қоғамдық орында ішімдік ішу немесе мас күйінде келудің 306 дерегі анықталған. 212 өңір тұрғыны уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына жатқызылған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс аумағында жүрген шетелдік азаматтар да тексеруден өтті. Нәтижесінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 24 шетелдік, тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 322 адам жауапкершілікке тартылды.  Сонымен қатар, қару иелері тексеріліп, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүрген 74 адам анықталды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо