ШҰҒЫЛ! БАЙЛАНЫССЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ҚЫСТАҚ БАРЫСЫ ҚАЛЫПТЫ

Қыс күшіне еніп, бет қарыған аяз басталды.  Малды ауылдағы қыстақ мәселесі көпті толғандыратыны тағы бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысында сөйлеген сөзінде ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару  керектігін баса айтты. Асыл тұқымды мал санын ғана емес, өнім сапасын арттыру тапсырылды. Біздің арнаның түсіру тобы Бәйтерек ауданына жасаған іссапары барысында қыстақ мәселесіне назар аударып, шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты.  Солардың бірі қазақтың ақ бас тұқымын өсірумен айналысатын «Шонайбеков» шаруа қожалығы. Республикаға жақсы танымал қожалықта мал қыстағы қалыпты өтуде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо