Бұдан дәл 81 жыл бұрын соғыс өрті тұтанып, фашистік Германия бейбіт жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасады.1418 күн мен түнге созылған осы соғыста Қазақстаннан 1 млн 200 мыңнан астам яғни ел тұрғындарының 20 пайызы майданға аттанды. Тек облыстан 82 мың 930 адам Отан қорғауға барса , соның жартысынан көбі туған жерге оралмады. Маусымның 22 қан майданда қаза тапқан жерлестерімізді еске түсіріп, олардың ерліктеріне тағзым ету күні. Бұл шара биыл да жалғасын тапты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо