ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНДЕ БОСАНДЫ Толығырақ

МАС КҮЙІНДЕ ПОЛИЦИЯ ПУНКТІНЕ ТАС ЛАҚТЫРДЫ

Әлеуметтік желіде мас күйінде полиция пунктін таспен  ұрған тұрғынның көрінісі тарауда.БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, оқиға Орал қаласында 9 мамыр күні сағат шамамен 09.30-да, Д.Нұрпейісова көшесінде орын алған. Бейнежазбаға ер адамның полиция пунктін таспен ұрып жатқаны түсіп қалған. Оқиға орнына тағы бір ер адам келіп, алып кетіп бара жатырғанына бейнежазбада анық байқалады. Мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған  44 жастағы ер адамға  қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес хаттама толтырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо