ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

МІНДЕТІН МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАҒАНДАР

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні. Қызметіне адал, елге жанашыр дəрігерлер уақытпен санаспай, еңбегін бұлдамай жаһанды жайлаған індетпен күресте аянбай тер төгіп жүр.  Мамандардың кәсіби біліктілігінің арқасында пандемия кезінде қауіпті дертке шалдыққан науқастардың басым бөлігі құлан таза айықты. Осының бәрі ұлт денсаулығы саласында тер төгіп жүрген дəрігерлердің елеулі еңбегі. Осыған орай, бүгін адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленді. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп жүрген бір топ медицина мамандары ведомствоаралық  наградалармен марапатталды.  

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо