ШҰҒЫЛ! ҚАНДАСТАР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҮЙРЕНУДЕ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ "ARTCAN" ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Ғ. Есқалиев "Artcan"түрік компаниясы өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында голландтық және түрік технологияларын пайдалана отырып, Бәйтерек ауданында жылыжай салу бойынша жоба талқыланды. Жылыжайда қызанақ, көк, бұрыш және құлпынай өсіру жоспарлануда. Қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша жобаны іске асыруды жақын арада бастау жоспарлануда. Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Түрік Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара қарым-қатынасты кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару жөнінде уағдаластықтар орнатқан еді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо