ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ АУДАН Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

Пандемия күнделікті өмірге өз ережесін енгізді. Осыған орай облыс әкімі Ғали Есқалиевтың тұрғындарды қабылдау іс-шарасы да онлайн режиде өткізілді. Оған өтініш иелерінен бөлек қала, аудан басшылығы қатысты.  Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан интернет, құрылыс, кәсіпкерлік, тұрғын үй, жер теліміне қатысты өтініш жолданып, құқықтық сұрақтар қойылды.  Мәселен, Ақжайық ауданына қарасты Базаршолан ауылының тұрғыны аймақ басшысына интернеттің қолжетімсіздігі мен мобильді байланыстың нашарлығын айтып, шағымданды. Оның сөзінше 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда интернет тек әлеуметтік нысандарда ғана қолжетімді. Облыс әкімі көтерілген мәселе шешілетінін айтты. Алдымен ұялы байланыс операторының сигнал күшейткіші бар мұнара орнату үшін жер телімі қарастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ,Якорь 5 қабатты тұрғын үй салу үшін қала орталығындағы жеке меншіктегі 9 соттық жерді сатып алған Орал тұрғынының өтініш тыңдалды. ЯкорьОған болашақ тұрғындар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында көппәтерлі үй салу алаңын ұлғайту ұсынылды.Якорь Облыс әкімі әр мәселені мұқият қарастырып, қала әкімшілігі мен басқармаларға заңнама және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында тиісті қолдау көрсетуді тапсырды. ЯкорьАйта кетейік, аймақ басшысымен кездесуге жазылғысы келетіндер сағат 3 пен 6-ның аралығында 24-20-36, 24-20-57 немесе 24-20-51 телефондарына қоңырау шалуы керек.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо