ШҰҒЫЛ! "АҢЫЗ БОЛҒАН АБЫСЫНДАР" Толығырақ

ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Қылмыстық кодекстің он үш бабынан өлім жазасы алынып тасталады.  Бүгін Мәжіліс тиісті өзгерістер енгізілген заңды қабылдады. Қазақстанда өлім жазасына 2003 жылы желтоқсанда мораторий енгізілген болатын. Бұл шешім өлім жазасын толық жойған кезге дейін қолданылады. Биыл жыл басында өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге екінші  факультативтік хаттама ратификацияланған. Хаттама өлім жазасын жою үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттейді, бірақ ескерту жасалған жағдайда қолдануға мүмкіндік береді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо