ШҰҒЫЛ! «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» Толығырақ

ОН ЖАСАР ҚЫЗДЫ КӨЛІК ҚАҚТЫ

Оралда автокөлік он жасар қызды қағып кетті. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 27 қазан күні шамамен сағат 08.30-да Зачаган кентіндегі №10 мектеп маңында болды. «Мерседес» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі М.Мөңкеұлы көшесінде белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 2011 жылғы қыз баланы қағып кетті. Қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Анықталғанындай, қыз бала мектепке ата-анасынсыз, жалғыз бара жатқан. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, бұғанасын соғып алған қыз бала дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Айта кетейік, Орал қаласында соңғы екі күнде осындай екі оқиға тіркеліп отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо