ШҰҒЫЛ! ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ТҰМАУ ӨРШІП ТҰР

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Батыс Қазақстан облысы қазіргі таңда «жасыл аймақта». Соңғы аптада коронавирус дертіне шалдыққандар саны 15 пайызға азайған. Қараша айында 771 жағдай тіркелсе, желтоқсан басталғалы 32 дерек анықталып отыр. Ақ халаттылар эпидахуалдың қалыпты жағдайға келуін халықтың жаппай екпе алуға деген ынтасымен байланыстырып отыр. Десе де арқаны кеңге салуға әлі ерте. Коронавирус дертінің қазіргіден де қаупі зор жаңа штамы пайда болды деп әлем дүрлігіп жатқан сәтте екпеден қалыс қалғандар қамданбаса болмайды дейді мамандар.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо