Оралда 20 жастағы полиция сержанты оққа ұшты. Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Орал полиция басқармасы ғимаратында жауынгерлік қаруды алғаннан кейін тәртіп сақшысы бекітілген табельдік қарудан өз-өзіне оқ атқан. Қызметі барысында ол өзін жақсы жағынан көрсеткен, физикалық тұрғыдан дайын болған. Жұмыс кестесін сақтаған, жұмысқа кешікпеген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо