ШҰҒЫЛ! "АҢЫЗ БОЛҒАН АБЫСЫНДАР" Толығырақ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР САПАРЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, сондай-ақ көлік, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, АӨК жобаларының іске асырылуын тексерді. БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау мәселелері, сондай-ақ инвестициялық жобалар туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, облыс әкімі Ғали Есқалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров, қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев баяндады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының дамуына үлкен көңіл бөледі. Өңір өнеркәсіптік дамудың жоғары әлеуетіне ие. Әзірленіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жо-спарының іс-шараларын жүзеге асыру инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі серпін береді», — деді Асқар Мамин. Премьер-Министр екі апта ішінде Кешенді жоспардың жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуді тапсырды, содан кейін мәселе Үкімет оты-рысында талқыланатын болады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо