ШҰҒЫЛ! МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШАҢҒЫ САЙЫСЫ Толығырақ

САН САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК

Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығы артады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс бүгін кездесу өткізді. Онда екі елдің  энергетика, «жасыл» экономика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы салалары бойынша әріптестік мәселелері талқыланды. Жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде өтіп жатқан саяси жаңғыру, азаматтық қоғамды дамыту үрдістері тақырыбы арқау болды. Мәжіліс Төрағасының сөзінше тұрақты кездесулер тәжірибесін қайта бастау - заңнамалық қызметті, оның ішінде, өнеркәсіпті экологиялық түрлендіру, цифрландыру және басқа да салалардағы мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо