ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ҮЗДІКТЕР Толығырақ

ТАЗА СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Өңірде халықтың әл-ауқатын арттырып, денсаулығын сақтау саласын жақсартуға  бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі елді мекендерді таза ауыз сумен  қамтуға арналған.  2025 жылға дейін облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен осы мәселеге арналған кеңейтілген кеңес өткізілді.  Аудан әкімдері мен  сала басшылары қатысқан кеңес онлайн режимде ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо