Еліміздегі төтенше жағдай талабын тұрғындар мүлтіксіз орындауы керек. 19 қаңтарға дейін созылатын режимге сәйкес өңірдің күре жолдар мен облыс орталығына кіреберісінде бес тексеру-өткізу бекеті қойылды. Облыс комендантының пәрменімен Орал қаласы, Ақжайық, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Тасқала аудандары әкімдеріне блокбекеттерді материалдық-техникалық жабдықтау және азық-түлікпен қамтамасыз ету тапсырылды. Қала көшелерінде тәртіп сақшылары мен әскерилер тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап облыс аумағында тәртіп бұзған 714 адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо