ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ 3 АДАМДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Оқыс оқиға. Бүгін таңда Желаев ауылына жақын жердегі жол бойында автокөлік аударылды. Қызметтік көлікпен сол жерден өтіп бара жатқан БҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Арман Сарабалинов әріптесі Александр Калиничевпен бірге оқиға орнына дереу барып, жүргізуші мен екі жолаушыны көліктен шығарып үлгерген. Екі секундтан кейін автокөлік жарылған. Осылайша тәртіп сақшылары өздеріне төнген қауіпке қарамастан, ажал аузында болған үш адамның өмірін сақтап қалды. Оралда тағы төтенше жағдай тіркелді. Д.Нұрпейісова көшесі 17/1 мекен-жайында орналасқан «Атриум» сауда үйінің екінші қабатында электр панелі мен кабельдер өртенді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызметкерлер мен сауда үйіне келушілер құтқарушылар жеткенше қауіпсіз аймаққа шыққан. Өрт төтеншеліктердің күшімен сағат күндізгі төртте толық сөндірілді. Санаулы сағаттан соң ТЖД-ға «Школьник» сауда үйінен де қоңырау түсті. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің біріншісінде орналласқан қосалқы бөлмеде электр панелі өртенген. Тұрғындар мен сауда нысанына келушілер жедел эвакуацияланған. Тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо