ШҰҒЫЛ! ҚАНДАСТАР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҮЙРЕНУДЕ Толығырақ

ҰТЫС ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛАДЫ

Жаны жомарт азамат. Бөкей ордасы ауданының тұрғыны Нұрлыбек Иманбаев автолотереядан ұтып алған көліктің қаржысын қайырымдылық мақсатына жұмсайтынын айтты. Ол былтыр ғаламтор арқылы құны 7 млн 519 мың теңге тұратын «Hyunday Accent» автокөлігін ұтып алған. Жеңімпаз ұтысты ақшалай беруді сұрап, оны сауапты  іске  жұмсайтынын айтқан. Нұрлыбек қаржының бір бөлігін Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған Дәулет Жұпарбеков пен Мейірхан Бітімнің отбасына, екінші бөлігін Оралда тұратын 5 жасар қыздың еміне аудармақ. Тағы бір бөлігін көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етіп жүрген “Харекет” қорына бергісі келеді. Автолотерея ұйымдастырушылары әскери салада қызмет атқаратын қайырымды азаматтың бастамасын қолдады. Жақын күндері Нұрлыбек Алматыға барып, қажетті құжаттарды рәсімдемек. 
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо