ШҰҒЫЛ! «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» Толығырақ

ЖАҢА АЯЛДАМА ПАВИЛЬОНДАРЫ

Жыл соңына дейін шаһарда су жаңа аялдама павильондары пайда болады. Аялдама бекеттерінің аздығы мен жабдықталуына оралдық тұрғындар өз наразылықтарын білдіруде. Кейбір аялдамалардың жағдайы көңіл көншітпейді. Тұрғындар күн суытса желдің өтінде, аптап ыстықта шақырайған күннің астында тұруға мәжбүр. Тіпті, кейбір жерлерде аялдама атымен жоқ. Мәселенің мән-жайын арна тілшілері анықтап қайтты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо