Еліміз бойынша ауыл әкімдерін сайлау науқаны жалғасуда. Күні кеше Қазталов ауданына қарасты Талдыапан ауылдық округінің әкімі сайланды. Аталған елді мекендегі 4 сайлау учаскесі ала таңнан ашылып, кешкі 8-ге дейін жұмыс істеді. Елді мекенде мыңға жуық адам тұрады. Оның 724-і саяси науқан барысында өз дауыстарын берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо