Өңірде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды қолдау шаралары кеңінен қолданылып келеді. Бүгінде «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны артуда. Биылдың өзінде 1300-ге жуық жас алты айлық ақылы тәжірибеден өтіп, білімі мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Олардың тең жартысы тұрақты жұмысқа орналасқан. Мемлекеттік бағдарламаның облыста жүзеге асырылу барысы туралы келесі бейнематериалда толығырақ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо