ШҰҒЫЛ! ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ Толығырақ

ЖЕЛАЯҚТАР ОРАЛҒА ЖЕТТІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада бастау алған «Нұр-Сұлтан-Орал» марафоны аяқталды. 8 күн ішінде 2021 шақырым қашықтықты бағындырған ультрамарафоншылар бүгін Орал қаласына жетті. Іс-шараны «Астана Желаяғы» марафоншылар клубы» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі тәуелсіздік тойына тарту ретінде ұйымдастырды. Марафон ҚР Президенті Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Nur Otan» партиясының қолдауымен өтті.  
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо