ШҰҒЫЛ! "АҢЫЗ БОЛҒАН АБЫСЫНДАР" Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық басқармасының қызметкерлері 8 тақырыптық және 1 кешенді мониторинг өткізген. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға 97 ұсыным жолданды. Мониторинг спорт, денсаулық сақтау, білім беру, жолаушылар тасымалы және өзге де салаларды қамтыды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет баяндады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо