ШҰҒЫЛ! «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БАҒАҒА ӘСЕРІ

Облыс әкімі Ғали Есқалиев фейсбуктегі парақшасында батысқазақстандықтарға үндеу жасады. Аймақ басшысы жақында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салып жатқан кәсіпкерден қала әкімдігінің қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазып, қоғам дертіне айналған жемқорлықты бағаның өсуінің бір себебі ретінде қарастыруға болатынын айтты. «Құрылыс материалдары мен қызмет көрсету жұмыстарына баға өсіп жатқан жағдайда, біз адал жұмыс істейтін құрылыс компания-ларымен бірге құрылыс нысандарын уақытында және сапалы аяқтау үшін қосымша қаражат іздеудеміз. Осындай жұмыстар атқарылып жатқанда мұндай жағдайлар тір-келіп отырса, қатаң шара қолдануды қажет етеді. Мен тағы да мемлекеттік жобалармен жұмыс істеп жүрген азаматтарға ескертіп айтамын. Заңсыз ұсыныстарға беріліп, бо-псалауға түспеңіз. Мен ешкімге заңсыз нұсқау бермеймін және оны орынбасарларым мен әкімдерден талап етемін. Егер мұндай фактілер болса, менің жеке +77017776037 WhatsApp нөміріме «Сыбайлас жемқорлық» деп белгілеп хабарлауды өтінемін. Мен тергеу барысын және кінәлі тұлғалардың заң бойынша жауап бергенін қадағалайтын боламын!" деп жазды облыс әкімі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо