ШҰҒЫЛ! ҚАРАТӨБЕЛІКТЕР ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЖЕҢІС ТУРАЛЫ ЖЫРЛАР ОҚЫЛДЫ

Оралдық мектеп оқушылары соғыс тақырыбында жырлады. Хамза Есенжанов атындағы жасөспірімдер мен балалар кітапханасының ұжымы  ұйымдастырған әдеби шарада шәкірттер- Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова және Темір Масиннің ерлігі туралы өлеңдер  оқыды. «Желбіре жеңіс жалауы» атты мәнерлеп оқу байқауына қалалық мектептердің 8-9 сынып оқушылары қатыстырылды. Байқаудың мақсаты - Отан үшін жанын қиған қаһармандарымыздың ерлігін жас ұрпаққа дәріптеу болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо