ШҰҒЫЛ! ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Толығырақ

ЖҮК КӨЛІГІ ҚАҒЫП КЕТТІ

Бүгін Әбілхайыр хан даңғылы бойында ауыр жүк көлігі реттелмелі жаяу жүргіншілер жолы арқылы өтіп бара жатқан әйел адамды қағып кетті. Салдарынан 1965 жылы туған азаматша оқиға орнында қайтыс болды. Жол апаты түс ауған шақта орын алған. Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындады. Олар жүк көлігін тізгіндеген 35 жасар жүргізушіні де жан-жақты тексереді. Көпшілік қауіпсіз деп санайтын орындардың бірі — ақылы демалыс аймақтары. Дегенмен мұндай жағажайларда да жазатайым оқиға орын алуы әбден мүмкін. Өткен сенбіде шомылып жатқан көпшіліктің көзінше 33 жасар әйел адам суға кетті. Жексенбі күні құтқарушылар су айдынынан 28 жас ер адамның мүрдесін тауып, жағаға шығарды. Ол белгіленбеген орында шомылған. Айта кетерлігі, 1 маусымнан бастап облыс аумағында 12 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның үшеуі бала деп хабарлайды ТЖД-ның баспасөз қызметі.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо